Женевада Байден-Путин саммиті аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Женевада Байден-Путин саммиті аяқталды

17.06.2021

АҚШ пен Ресей президенттері Женевада аяқталған келіссөздерді қанша мақтаса да, ол азғантай ғана прогресспен аяқталды. Екі лидер 2018 жылдан бері алғаш рет жүздесіп отыр. Саммит жоспардағыдай төрт-бес емес, үш сағатқа ғана созылды. Байден мен Путин ядролық қаруды бақылау жөніндегі диалог бастауға уағдаласып, екі елдің елшілерін қызметіне қайтаруға және киберқауіпсіздік туралы кеңесуге келісті. Дегенмен, тараптар Украина, ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальныйдың тағдыры жайлы нақты бір мәмілеге келе алмады. Байденнің сөзінше, Навальный түрмеде өлетін болса, оның зардабы Ресей үшін ауыр болады. Путиннің сөзінше, саммит барысында ешқандай дұшпандық пиғыл байқалмады. Сонымен қатар, Мәскеу мен Вашингтонның кейбір мәселелерге қатысты позициясы әртүрлі болғанымен, екі жақ та бір-бірін түсінуге ниет байқатқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу