Әлемдегі геосаяси және экономикалық жағдайдың құбылуына қарамастан Қазақстан экономикасы өсіп келеді. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді. Оң көрсеткіштерге, әсіресе, сыртқы факторлар әсер еткен. Қазір Қытай шекарасын ашып, еркін сауда қатынасын бастады және жаңа бағыттарда ашылған логистика ретке келіп жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Үкімет отырысында айтылған ең негізгі мәселе ҚР экономикасы 4,3 пайызға нығайған. Бұны біз төл теңгеміздің нығаюынан ақ көруімізге болады. Осы ай аралығында Қазақстанның валютасы АҚШ долларына шаққанда 3,7 пайызға нығайған екен. Сондай-ақ Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі алдағы уақытқа инфляциялық болжамдарын да өзгертті. Алдағы жылы 9-12 пайыз шамасында болады деген болжам бар. Естеріңізде болса жыл басында соңғы 12 айдың қорытындысы бойынша инфляция 21 пайыздан асып кеткен. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың дұрыс бағытта екенін көрсетеді. Дегенмен бөлінген ақшаны дұрыс игермей жұмыс уақытылы істелмей жатқан тұстар да бар екен. Мәселен осы Қаңтар-ақпайн айларында ғана еліміз бойынша 123 млрд теңге игерілмей қалған. Оның 23 миллиарды үнемделген болса бағытталған жұмыстың уақытылы жүзеге аспауынан игерілмеген. Ең негізі қаржыны игермеген министрліктер ІІМ, Қаржы, ғылым және жоғары білім министрліктері екен. Ерұлан Жамаубаев оның себебін былай түсіндірді.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі:
Игерілмеудің негізгі себептері конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдамау, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақыты өткізілмеуі, және есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Сондай-ақ үкімет отырысында 2023-2029 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы қаралды. Бұл тұжырымдама 7 бағыттан тұрады. Оның ішінде жастар және ауыл, азаматтық қатысу және шешім қабылдау, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты сияқты бағыттар бар. Жалпы қазіргі ақпарат бойынша жастардың 43,7 пайызы ауылдарда тұрады екен және оларды жұмыспен қамту қазіргі кезде ең негізгі мәселоеге айналғаны белгілі. Осы тұжырымдама аясында Қазақстан бойынша 2,3 млн жасты жұмыспен қамту көзделген. Оның 1 миллионы ауыл азаматтары деп түсіндірді. Сондай-ақ жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселесі де көзделіп отыр. Оларды қызметтегі үлесін 25 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ осы отырыс кезінде нашақорлық мәселесі де көтерілді. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың қазір бағыты толық өзгеретінін айтты ішкі істер министрі. Бұрын салдарымен күрсессе енді себебімен күресеміз деді. Бұл туралы толығырақ алдағы шығарылымдарда тоқталып айтамын.
Оңғар Алпысбайұлы