Маңғыстауда Амал мерекесі тойланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда Амал мерекесі тойланып жатыр

14.03.2023

Маңғыстауда Амал мерекесі тойланып жатыр. Мерекені Көрісу күні деп те атайды. Себебі, қыстан аман-есен шыққан жұрт бір-бірімен қуана қауышып, қол алысып көріседі. Бұл жолы да аймақ тұрғындары Отпан таудың басындағы «Адай ата» тарихи-мәдени кешеніне жиналды. Қырықтан астам ақ шаңқан үй тігілді. Мерекелік бағдарламада отыздан астам мәдени және спорттық шара жоспарланған. Кеше кешкісін ынтымақ пен татулықтың белгісіне айналған «Бірлік» оты жағылды. Ал, бүгін шет елдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференция өтеді. Шараға Түркия мен Әзербайжан елінің профессорлары келген. Сонымен қатар, тазы жүгірту, бүркіт салу, тай жарыс пен аламан бәйге ұйымдастырылмақ.

Алқажан Еділхан, өлкетанушы:

Біз 14 наурыздан жыл басталады деп есептейміз. Осы дәстүрді бұрыннан ұстанып келе жатырмыз. Амал күні көңіл-күймен келіп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу