Экономикалық зерттеу институтының ұлттық рейтингі: Семей - өмір сапасы ең төмен қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық зерттеу институтының ұлттық рейтингі: Семей - өмір сапасы ең төмен қала

13.03.2023

Семей - өмір сапасы ең төмен қала. Экономикалық зерттеу институтының ұлттық рейтинг көрсеткіші осылай - дейді. Мамандар еліміздегі 25 шаһардың жан-жақты дамуын зерттеп, нәтижесін жария еткен. Анықталғандай ең төменгі сатыға Жезқазған, Сәтбаев пен Семей жайғасқан. Әсіресе жаңадан құрылған Абай облысы халқының табысы төмендеп, аурушаңдық көбейіп, қаланың инфрақұрылымының тым нашар жағдайда екендігі белгілі болды.

Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозып тұр. Арнайы жүргізілген сауалнамада тұрғындар осы мәселені көп айтқан. Көпшілік кезіндегі көрікті шаһардың неліктен қазіргідей күйге түскенін түсінеді.

Қазір Семейдегі халық саны 330 мыңға жуық. Ширек ғасырдан кейін облыс орталығы мәртебесін қайта алған қалада өзекті мәселе көп.

Ержан Жақып, тілші:

Семейде тіпті бірегей саналатын аспалы көпірдің өзі, тоз-тозы шығып тозып тұр. Салынғанына 23 жыл болса да, көп жылдар бойы ешкімнің иелігінде болмаған. Ал жақында жапондық жүргізген тексерулердің нәтижесінде ондағы темір констуркциялар тат басып, шіри бастағандығы анықталған.

Семейге тартылатын инвестиция көлемі аз. Халықтың табысы төмен. Тұрғындар арасында түрлі дерттен өлім-жітім көбейген. Экономикалық зерттеу институты қаладағы өмір сапасын осындай 90-ға жуық көрсеткіш бойынша анықтаған.

Нұрболат Құрметұлы, Экономикалық зерттеулер институты өмір сүру сапасы орталығының директоры:

Қоғамдық көлік те бар оның ішінде. Тұрғын үй қоры. Абаттандыру мысалы. Ауыз сумен қамтылуы, жылы сумен қамтылуы сияқты өткір мәселелер болып отыр. Сондықтан да қала, басқа қалаларамен салыстырғанда соңғы орында орналасып отыр.

Бірақ, қала әкімі келесі жылдан бастап Семейде бұрын соңды болмаған ауқымды жобалар іске асатынын айтып отыр. Ол үшін бюджеттен 84 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның тең жартысы қаланың инфрақұрылмын жақсартуға жұмсалмақ.

Нұрбол Нұрсағатов, қала әкімі:

Бюджетті тек қараша айында ғана бекітіп берді. Одан кейін осы жылғы бюджетімізді бекіттік. Және қыстың күні біз басқа жұмыстарды жасай алмадық. 100 ден астам көшені жарықтандыру, 60 көшені асфаль салу. 70 тен астам ауланы жасау. 15 сквер жасау. Көгалдандыру мәселлері жүреді.

Экономикалық зерттеу институты құрған ұлтық рейтинг нәтижесінде еліміздегі ешбір қала ең жоғарғы 10 балл көрсеткішіне жетпеген. Нәтижесінде Қазақстандағы қалалардың 70 процентінде өмір сапасының индексі орташа мәннен төмен болып шықты.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу