Түркістан облысында сайлау бойынша семинар өтті
19 наурызда өтетін сайлау жаңғыруға негізделген. Себебі, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңадан сайланады. Кандидаттар партиялық тізіммен емес, өзін-өзі ұсыну арқылы саяси додаға қатысады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістанда семинар кеңес өткізіп, саяси науқанның ерекшеліктерін түсіндірді. Жалпы, Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі құрылған. 1 млн 168 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Ал саяси науқанға 1284 кандидат қатысады. Оның ішінде 19 адам Мәжіліс депутаттығына үміткер. Сайлаушыларға облыстарда 5, ал Астана, Алматы және Шымкент қаласында 4 бюллетеннен беріледі.
Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Оларды дауыс берген кезде шатастырып алмай, сайлаушыларымыз кімге дауыс беріп отырғанын түсініп, өздерінің қалауын жасай алатындай, есебін жасаған кезде комиссиялар шатасып қалмай, ештеңесі бұрмаланбай, «заңға сай болды. Ашық, таза болды». Осыны біз дамытуымыз керек. Осыны атқарып, орындауымыз керек. Ол үшін еш жерде сүріней, жаңылыспай өтуіміз керек.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30