Шымкент көшелері суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент көшелері суға кетті

13.03.2023

Шымкентте толассыз жауын жауып, елді әбігерге түсірді. Салдарынан шаһардағы 26 көше мен Ташкент қаласына шыға беріс жер асты жолы суға толып қалды. Сондай-ақ Нұрсат мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жер төлелеріне де су жиналған. Бұл аумақтардан мотопомпалардың көмегімен 2 жарым мың текше метр су шығарылды. Құм толтырылған 600 қап пайдаланылып, тұрғын үйлердің ішіне су кіруіне жол берілмеді. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Су сору жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 150 қызметкері, 37 техника мен 23 мотопомпа жұмылдырылды. 80-нен астам жұмысшы ирригация жүйелерін тазартты.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу