Ақтөбе облысының Бабатай ауылына баратын өткелді су шайып кетті
Ақтөбеліктерді де қарғын су әлекке салып жатыр. Бұл жолы Темір ауданының Бабатай елдімекеніне баратын өткелді су шайды.
Құмнан салынған өткел ағын судың екпініне төтеп бере алмаған. Енді ауыл тұрғындары судың беті қайтқанша аудан орталығына қайықпен ғана қатынай алады.
Қарғын су Алтықарасу ауылына да жақындаған. Елдімекеннен 6 шақырым жерде 110 бас сиыр мен 12 жылқы су ортасында қалған. Құтқарушылар техниканың көмегімен оларды қауіпсіз жерге шығарды. Өңірдегі тасқын қаупі бар аудандарда кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақылауға алынды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01