«Түркиядағы жағдай сабақ болуы керек»: Үкімет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударды
«Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі Қазақстанға, әсіресе Алматы қаласына сабақ болуы керек». Шаһарға жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Үкімет басшысының сөзінше, соңғы рет мегаполистегі нысандарды паспорттау 2017-2018 жылдары жүргізілген. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен шаһар әкімдігі бірлесіп, қысқа мерзімде аудит жүргізуі тиіс. «Сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі пәрменді шараларды да жылдам іске асыру қажет», - деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Алматыда ғана емес, жер сілкінісі болуы ықтимал Республиканың басқа өңірлерінде де сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде әлемдік тәжірибені пайдалану қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұған дейін алынып тасталған жобалау, құрылыс және бақылау процестерін заңнамалық тұрғыда қатаңдату мәселесін шұғыл түрде қарастыру керек.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12