Қазақстан мен БҰҰ серіктестігіне - 30 жыл
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының серіктестік орнатқанына биыл 30 жыл толды. Бүгін Астанада осы ұйымның 2021-2025 жж. арналған Тұрақты даму ынтымақтастығына арналған жиын өтті. Шараға Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров, ұйымның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори мен дипломатиялық корпус, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты. Олар тұрақты дамуға қол жеткізудегі ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, пікір алмасты. Қазақстанда БҰҰ Негіздемелік шеңберін жүзеге асыру басталғаннан бері қол жеткізілген негізгі нәтижелерді таныстырып, 2023 жылға арналған мақсаттарды белгіледі.
Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі:
Біріккен ұлтар ұйымы Қазақстанда соңғы отыз жылда үлкен жұмыс атқарды. Және біз елдің дамуына қосқан үлесімізді мақтан тұтамыз. Алдағы жылдарда біз басқару мен заң үстемдігін нығайту, тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесу, адам әлеуетін нығайту, гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуді қоса алғанда, бірнеше негізгі бағыттарға назар аударамыз. Күшті біріктіріп, Қазақстан халқының жарқын болашағын құра аламыз деп сенеміз.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09