Жамбылдағы жарылысқа байланысты 6 адамға кінә тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы жарылысқа байланысты 6 адамға кінә тағылды

10.03.2023

Жамбыл облысындағы қару-жарақ қоймасында болған жарылысқа байланысты 6 азаматқа кінә тағылды. Шымкент гарнизоны әскери соты Қайнар ауылы маңындағы 28346 сәкери бөлімінде болған өрт пен жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғаған. Лауазымды екі азаматқа «Жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережесін бұзды және оның салдары, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырды» деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ, тағы екі адамға қатысты «бөтеннің мүлкін бүлдірді және әскери техникалар мен қаруларды қасақана жоюға әрекеттенді» деген дәләлмен іс қозғалған. Ал қалған екі азамат өз ісіне немқұрайлы және салғырт қарағаны үшін кінәлі деп табылған.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылғы 26-тамызда Байзақ ауданында болған жарылыстан 93 азамат жарақат алып, 18 адам көз жұмған.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу