Елімізде алдағы үш жылда 500-ден аса мектеп салынады
Елімізде алдағы үш жылдың ішінде бір жарым миллион оқушыға арналған 500-ден астам мектеп ашылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов «Бас тақырып» бағдарламасында айтты. Сұхбат барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында атқарылатын жұмыс жайлы әңгіме өрбіді. Жалпы, елімізде 240 мың оқушыға орын жетпейді. Әлі 150 мектеп үш ауысымда жұмыс істеп келеді. Тіпті, саман кірпіштен салынған, апатты жағдайда тұрған білім ошақтары бар. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінше оң шешімін табады.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
2 трлн 600 млрд теңге тек осы мектептерді салуға 2026 жылға дейін қаражат бекітілді. Біріншіден «Жайлы мектеп» аясында 400-ден астам жаңа мектеп пайда болады. Барлық жағдайлар, талаптармен салынады. Қосымша қаражат көздерінін тағы да 100-ден астам 500-ден астам мектеп 1,5 миллион оқушыға ашылады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06