Шалқар қаласында жол апатынан екі оқушы көз жұмды
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жол апатынан екі жасөспірім көз жұмды. Тағы екеуі ауыр жарақат алған. Қазір бізбен осы өңірдегі тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланысқа шығуға дайын тұр. Жақсыбек, зардап шеккен балалардың жағдайы қалай?
Жақсыбек Кемал, тілші:
15 жастағы екі ер бала әлі ауруханада жатыр. Бірінің жамбас сүйегі шытынаған. Екіншісінің аяғы бірнеше жерден сынған. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Жасөспірімдердің бірі оқиға орнында көз жұмған болатын. Екінші қыз бала да кеше кешкісін ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер қанша жанталасқанымен аман алып қала алмады. Ашық бас-ми жарақатын алған баланың жағдайы өте ауыр болған. Бұл оқиға өңір жұртшылығын есеңгіретіп тастады. Полицейлер балаларға көлік құралын бермеуді кезекті рет ескертті. Полицейлердің айтуынша, рөлде болған жасөспірім ағасының көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Оқиғаның себеп-салдарын алдағы хабарларымызда айтамыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01