Ұлттық арнаның эфирінде Парламент сайлауына қатысатын партиялар пікір таластырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаның эфирінде Парламент сайлауына қатысатын партиялар пікір таластырды

05.03.2023

Қазақстанда саяси науқан қыза түсті. Осы аптада Ұлттық арнаның эфирінде Парламент сайлауына қатысатын партиялар пікір таластырды. «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысты. Пікірсайыс 4 кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде - кандидаттар әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ұсыныс айтты. Екінші кезеңде - саяси ұйым өкілдері арасында дискуссия өтті. Партия өкілдері сөз жарысына түсіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Ал, үшінші кезеңде 2 минут ішінде сайлауалды тұғырнамасының үш негізгі бағытына тоқталды. Соңғы кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасады.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

Не істеуіміз керек, бүгінгі мәселені қалай шешуіміз керек деген сұрақтардың жауабын көрсетеді. Осы жауаптардың қақтығыстары. Осы жерде еліміз кімге сенетінін көреді. Пікірсайыста біз тікелей эфир арқылы көрдік бәрін. Сонда кімдерге, қандай кандидаттарға, қандай партияларға ертеңгі саяси болашағымызды тапсыратынымызды анықтадық. Ертеңгі мынандай кандидаттардан қандай заңнамалардың келетініне де көз жеткіздік. Яғни пікірсайыс – еліміздің ашық демократиялық айнасы ретінде көрініс табады.   

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу