Петропавл тұрғыны сирек кездесетін құс пен жануарларды өсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл тұрғыны сирек кездесетін құс пен жануарларды өсіреді

04.03.2023

Петропавл тұрғыны саяжайда сирек кездесетін құстар мен жануарларды өсіреді. Ирина Фишбух 3 жыл бұрын қалалық қарбалас өмірді табиғат аясындағы тыныштыққа айырбастаған. Қазір оның қолында жылқы, ешкі, қоян мен түрлі құстар бар.

Бұл – алтын түстес қырғауыл. Саяжайда аталған құстың 4 түрі бар. Отаны – Қытай. Күтімі келісті болғандықтан қанаттылар теріскейдің қытымыр климатына тез бейімделген. Ирина биыл балапан алуды жоспарлап отыр. Бұл жерде тауық, кептер жіне бөдененің де бірнеше түрі бар. Ал мына үйректер жақында ғана Павлодар қаласынан әкелінген.

Ирина Фишбух, қала тұрғыны:

Бұл қытайлық жібек тауық. Оның мамығы үлпілдеп тұрады. Қауырсындары да басқаларға ұқсамайды. Ұша алмайды. Бұл құстардың ерекшелігі – терісі, еті, сүйегі қара түсті.

Бұл қорада үй қояны мен камерун ешкілері де бар. Оларды Алматыдан жеңіл көлікпен әкеліпті. Ирина әр құс пен жануардың ерекшелігін жақсы біледі.

Эльмира Кәленова, тілші:

Мына пони саяжайға екі ай бұрын келген. Поли 2 жаста. Ол қантты өте жақсы көреді.

Қалада туып өскен Ирина жер үйге 3 жыл бұрын көшіпті. Көптен бері көкейінде жүрген арманын жүзеге асыруға пандемия түрткі болған. Карантинде 4 қабырғаға қамалып отырғаннан жалыққан соң саяжайдан осы үйді сатып алыпты.

Ирина Фишбух, қала тұрғыны:

Мынау – қарапайым үй қояндары. Түрлі көкеністерді жақсы көреді. Жазда оларға жеке үйшік салып, санын көбейткім келеді. Әзірге тұқым алып көрген жоқпын.

Табиғатқа, жан-жануарларға қамқорлық таныту – мейірімділіктің бір парасы. Ирина әрбір тіршілік иесіне жанашырлықпен қарайтын жан. Қазір оның үйінде 6 ит пен бірнеше мысық та бар. Ол құстар мен жануарларды жарнамалық сайттар арқылы сатып алады екен. Бәрін өзі күтіп баптайды. Енді тауық және түйеқұс өсіруді жоспарлап жүр.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу