Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға 24 млн дана гүл шеттен әкелінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға 24 млн дана гүл шеттен әкелінген

02.03.2023

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға 1300 тоннадан астам немесе 24 миллион дана гүл шеттен әкелінген. Оның жалпы құны – 9,5 млн АҚШ доллары шамасында. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, раушан гүлдері ең жоғары сұранысқа ие. Екінші орында хризантемалар болса, үшінші орында – қалампыр. Биыл гүлдер негізінен Эквадор, Нидерланды, Колумбия, Кения, Израиль, Өзбекстан, Қытай мен Түркия елдерінен келген.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу