Солтүстік қазақстандықтар жылына 18 мың тонна нан тұтынады
Солтүстік Қазақстан халқы жылына 18 мың тоннаға жуық нан тұтынады. Оның басым бөлігі жергілікті комбинатта өндіріледі. Тұрғындардың дастарханынан ас атасы үзілмес үшін наубайшылар күндіз-түні тер төгеді. Өңірдегі барлық дүкенге нан үздіксіз жеткізілуі керек. Сондықтан комбинат жұмысшылары бір сәтке тыным таппайды. Кәсіпорында 14 жыл еңбек еткен Зүлфия Есмағанбетова нанды бабымен пісіру үшін пештің қызуынан бөлек, жүректің жылуы керек деп санайды.
Зүлфия Есмағанбетова, қамыр илеуші:
Наубайханада 40 түрлі нан бар. Бір сауысымда үш тонна қамыр илеймін.
Осы жерден шыққан қамыр қалыпқа салынып, пешке жіберіледі. Дайын өнім жүк көліктеріне тиеліп, дүкендерге жол тартады.
Светлана Федорова, қала тұрғыны:
Нанды қуана сатып аламын. Үнемі дәмбі болады. Сөреде сан алуан түрі бар.
Бір ғасыр бойы дамылсыз жұмыс істеп келе жатқан комбинат қала тұрғындары үшін ай сайын 600 тонна нан-тоқаш өнімдерін шығарады.
Гүлжан Шәймерденова, қала тұрғыны:
Нанды мен көбіне дүкеннен сатып аламын. Нан сатып алғаннан өзімнің уақытымды үнемдеймін. Балаларымды қарау керек, оларды балабақшаға апару керек. Нан пісіретін адамдарға алғысым шексіз.
Үш баланың анасы Гүлжан кішкентайларына нанның қандай еңбекпен келетінін үнемі айтып отырады. Шәймерденовтар отбасының әр мүшесі нанның қадірін жақсы біледі.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08