Грекия тарихындағы ірі темір жол апатына адами фактор себеп болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия тарихындағы ірі темір жол апатына адами фактор себеп болған

02.03.2023

Грекия тарихындағы ірі темір жол апатына адами фактор себеп болған. Осылай деп мәлімдеген елдің Премьер-министрі кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Бұл жағдайдан соң көлік министрі қызметінен кетті.

Еске салайық, елде 350 адам мінген жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысқан еді. Соңғы мәліметке сай, 43 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды. Апатқа ұшыраған пойыздардың қозғалысын басқарған станция басшысы да ұсталды. Ол бір жолда қарама-қарсы бағытта жоғары жылдамдықпен жүйткіген екі пойызға дұрыс белгі бермеген. Сол үшін абайсызда кісі өлтірді және қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталды.

Ал Афиныда халық наразылық шеруіне шығып полициямен қақтығысты. Кәсіподақ лидерлері апатқа маман жетіспеушілігі, құрал-жабдықтардың тозуы секілді бірнеше фактор себеп дейді.


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу