Алғыс арқалаған жандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғыс арқалаған жандар

01.03.2023

Иә, алғыс айту - ақ тілектің нөпір болып ақтарылатын күні. Көпшілік туыстары мен достарына, қимас адамдарына қоңырау шалып ризашылық білдіріп, ыстық лебіздерін айтады. Алайда, мұндай күннің бар екенін көпшілік әлі де біле қоймайды. Осы ретте тұрғындар бұл мерекені қалай өткізіп жатыр екен?

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

Алғыс айту - көктемнің алғашқы күні, айтулы күн. Бұл ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі. Бұл күнде адамдар бір-біріне алғыс айтып, құрмет білдіреді. Бүгін біз аталған мейрамға орай жақындарымыз бен алыстағы ағайынға қоңырау шалып, алғыс айтамыз. Ал дәл қазір мен өзімнің әкеме хабарласып, жүрек жарды лебізімді білдіріп, рақмет айтамын.

Иә, алғыс айту көңілді өсіреді, мерейінді арттырады. Дана халқымыз бір ауыз сөзбен «жақсы сөз, жарым ырыс» деп түйіндеген. Ендеше, тек мейрамда ғана емес, күнде қасымыздағы ет жақындарымыз бен айналамыздағы жандарға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтайық.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу