Иранда қараша айынан бері 700-дей оқушы қыз уланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда қараша айынан бері 700-дей оқушы қыз уланған

01.03.2023

Иранда қараша айынан бері 700-дей оқушы қыз уланған. Кей болжамдарға қарағанда, олар оқитын мектептерді жабу үшін осындай қастандық ұйымдастырылған. Бірде-бір оқушы қайтыс болған жоқ. Бірақ кейбірінің тыныс алуы бұзылып, жүрегі айнып, басы айналған. Елдің бас прокуроры қылмыстық іс қозғалатынын хабарлады. Ал кейбір ирандықтардың ойынша, жасөспірімдер үкіметке қарсы шерулерге қатысқаны үшін де осындай жағдайға ұшырауы мүмкін.

Арыстан Рысбек 


Хабарламаларға жазылу