Нигерияда мектептен 300 оқушы қыз ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда мектептен 300 оқушы қыз ұрланды

26.02.2021

Нигерияда бір мектептен кемінде 300 оқушы қыз ұрланды. Жан түршіктірер оқиға бүгін таңертең елдің солтүстік-батысындағы Замфара штатында болған. 

Мұғалімдердің бірі BBC-ге айтқандай, оқушылар білім мекемесіне қарулы топ шабуыл жасағаннан кейін жоғалды. Штат губернаторының баспасөз өкілі де болған оқиғаны растады. 

Нигерияда содырлар әдетте балаларды кейіннен ақша талап ету үшін кепілге алады. Желтоқсанда бұл мемлекетте 300-дей ұл бала ұрланып, келіссөздер нәтижесінде босатылған еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу