Еуропалық Одақ елімізден ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп сатып алуға ниетті
Еуропалық Одақ елімізден ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп сатып алуға ниетті. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Брюссельде ЕуроОдақтың ауылшаруашылығы комиссары Януш Войцеховскимен кездесіп, қарт құрлыққа қазақстандық экпортты ұлғайту жайын талқылады. Ұйымға мүше 27 ел Қазақстаннан балық, ет, сүт өнімдерінің тасымалын көбейтпек. Сондай-ақ, еуропалықтар қазақтың бидайы мен балын, зығыр, рапс, соя сынды майлы дақылдарды молынан сатып алуға ынталы.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Біздің мақсатымыз – Еуропаға сапалы Қазақстанның ауылшаруашылығы тауарларының экспортының көлемін ұлғайту үшін коридорларды нақтылап, ешқандай транспорттық шектеулер болмасын деп ол жағын да сөйлестік. Тағы бір маңызды мәселе талқыланған ветеринарлық қадағалау, бақылау мәселесі. Ол жақта да біз ЕуроОдақ өкілдерімен, Еурокомиссарлармен осы жұмыстарды әрі қарай жақсарту, біздің экспортымызға ешқандай шектеу болмау мәселесін қарастырдық.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01