АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті

28.02.2023

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді. Бұл - Блинкеннің жоғары лауазымды қызметке тағайындалғалы біздің елге жасаған алғашқы ресми сапары. Мәртебелі мейманның ұшағы Астанаға түнде қонды. Бүгін таңертең Премьер-Министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Қос тарап бүгін Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді. Сапар барысында Мемлекеттік хатшы «С5+1» форматындағы кездесуге де қатыстады. Сондай-ақ, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Энтони Бликен бүгін қазақ музыкасына қызығушылығын білдіріп, Қазақ ұлттық өнер университетінде қонақ болды. Айта кетейік, мәртебелі мейман Астанадан кейін Ташкент қаласына, одан кейін Үндістанға жол тартады.


Хабарламаларға жазылу