Бельгияда қазақтың өнерін дәріптеген көрме өтті
Бельгияда қазақтың өнерін дәріптеген көрме өтті. Қазақстандық дизайнер Айгүл Жансерікованы еуропалық «Мәдениет керуені» академиясы арнайы шақыртқан. Қолөнер шебері Қазақстанда киіз басу өнерін жаңғыртып, оны жаңа технологиямен дамытқан кәсіпкер. Алматыда Qazaq-Oner орталығын ашып, 20 жылдан бері саф өнерді көпшілікке насихаттап келеді. Еуропалықтар шебердің көрмесін тамашалап, көздің жауын алатын киімдер мен бұйымдарды көптеп сатып алды. Көне мен жаңаның үндестігін жете меңгерген маман көпшілікке қолөнер орталығының жұмысы жайлы баяндап, тәжірибесімен бөлісті.
Айгүл Жансерікова, дизайнер:
Қазақстанды біз тек қана оның мәдениеті арқылы таныстыра аламыз. Осындай үлкен мүмкіншілік бар деп шақырғаннан кейін келдім. Өнер арқылы біздің мәдениетіміздің тереңдегін білуге болады. Сол арқылы біздің өнерлі халық екенімізді, басқалардан ерекшелігіміз бар екенін білдіреміз.
Мериэм Ван Симаес, Брюссель қаласының тұрғыны:
Мен мынадай керемет бұйым сатып алдым. Жібек пен жүннен жасалған таза табиғи өнімнің сапасы өте жоғары. Денсаулыққа пайдалы. Қолмен, ерекше махаббатпен жасалғаны көрініп тұр. Елдеріңізге сапарлап, осы шеберхананы көрсем деймін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22