Елордада дипломатиялық миссия өкілдері «Шаңғы серуені» жобасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада дипломатиялық миссия өкілдері «Шаңғы серуені» жобасын өткізді

25.02.2023

Бүгін елордада дипломатиялық миссия өкілдері «Шаңғы серуені» жобасын өткізді. Шараны Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы ұйымдастырған. Табиғат аясындағы шаңғы сайысына біздің тілшіміз де барып келген еді:

Дархан Рахымжан, тілші:

Бұл сайыс-бұрынғыдан өзгерек. Себебі бүгін кәсіби спортшылар емес елшілер, дипломатиялық миссия өкілдері аяғына шаңғы байлап, жарыс жолына шығып отыр. Шара қысқы спорттық маусымның жабылуына орай ұйымдастырылған. Иә, арқаның алты ай қысы аяқталуға жақын. Менің қасымда Аркадий мырза бар. Бүгінгі шараға кімдер қатысып отыр?

Аркадий Кощеев, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі хатшылығының бас маманы:

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы ұйымдастырып отырған бүгінгі шараға 50 ге жуық қатысушы жиналды. Елшілер, дипмиссия өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары бар. Барлығы керемет көңіл күйде шараға ат салысып жатыр.

Рахмет, сәттілік. Алға! Мінеки, Әсел ханым да келе жатыр екен, бір сұрақ қойсам, бұл шараның мақсаты неде?

Асел Ноғайбаева, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі хатшылығы қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері:

Бұл шараның басты мақсаты спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Және дипломатиялық корпус өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту.

Рахмет, жолыңыз болсын. Бүгін екі жолақ бойынша 600 және 3000 шақырым қашықтыққа сайысқа түсіп отыр. Мен де кеттім. Қыстың қызығы осы емес пе?!

Дархан Рахымжан


Хабарламаларға жазылу