Елімізде құтқарушылардың жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде құтқарушылардың жалақысы өседі

25.02.2023

Құтқарушылардың жалақысы наурыздан бастап көтеріледі. Ең төменгі еңбекақы 200 мың теңгенің шамасында болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Ұлттық арнаның «Жедел желі» бағдарламасында айтты. Қазір сала қызметкерлері алатын ең аз жалақының мөлшері - 100 мың теңгенің көлемінде. Сонымен бірге, алдыңғы шепте қызмет етітін мамандардың баспаналы болуы үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатыр деді, министрдің орынбасары.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:

Бұл жұмысты Қаржы министрлігімен бірлесіп қарастырғанбыз. Қазір Қаржы министрлігі осы мәселені кіргізіп жатыр заңға. Заңға өзгеріс енгеннен кейін осы биылғы жартыжылдықтан кейін үміт бар іске асырады деген.

Бағдарламада төтенше жағдайлар қызметі мамандарының форма мәселесі де көтерілді. Көрермен тарапынан келген сұрақта қызметтік киім 3 жыл сайын берілетіні жазылған. Ибрагим Күлшімбаев мұны ұзақ мерзім екенін мойындады. Ведомство басшылығы мәселені қарастырып көреміз деп уәде берді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу