«Жастар саясатының үздігі» байқауының жеңімпаздары анықталды
Елордада «Жастар саясатының үздігі» байқауының жеңімпаздары анықталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шығармашылық байқауға 17 өңірден 14 пен 29 жас аралығындағы жүзге жуық дарынды қыз-жігіттер қатысты. Олар қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстарын жіберген. Ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия жеңімпаздарды анықтады. «Жүзден жүйрік» шыққан дарынды жастарға арнайы төсбелгі мен алғыс хат табысталды.
Саят Нәбиев, «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары:
Биыл жастарға байланысты бірнеше жобаларымыз бар. Өздеріңіз білесіздер биыл Мағжан Жұмабаев атамыздың мерейтойы. Соған орай сәуірде үлкен жастар форумы өтеді, ал бұл конкурс соның бастамасы болып саналады.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15