Алматыда тағы да жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тағы да жер сілкінді

04.03.2024

Алматыда тағы да жер сілкінді. 1 сағат 4 минут бұрын болған дүмпу Алматы және Жетісу облыстарында да сезілген. Қалада дабыл жүйесі іске қосылды. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше 5 балл болған.

Әйгерім Ердәулет, тілші:

Жер сілкінісі бұл жолы да қатты сезілді. Алматы уақытымен 11:22-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде болған. Дүмпу бұл жолы өзгеше сезілді. Қаңтардың 23-і күні жер сілкінісі баяу басталып, тербеліп барып, артынша күш алған болатын. Ал бұл жолы дүмпу бірден жер астынан тігінен көтеріліп барып сілкінді. Оны сезбей қалу мүмкін емес еді. Сондықтан да, қалалықтар түгел сыртқа шықты. Бала бақша, мектептегі балалардң бәрі - бәрі бір минутқа жетпей далаға шықты. Қираған ғимарат жоқ. Бірақ кейбір нысандардың қабырғалары жарылып, ішіндегі заттар құлап жатқаны әлеуметтік желіде тарап жатыр. Мектеп пен бала-бақша жабылған жоқ, бірақ ата-аналар балаларын алып кетсе болады. Ал мектептердегі екінші ауысымдағы сабақтар доғарылды. ЖОО да дда сабақ тоқтады. Оның үстіне 385 қабылдау пункі мектептерде орналасқан. Ал Алматы халықаралық әуежайы жер сілкінісінен кейін әуежайдың барлық қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Ұшу-қону жолағы мен перрон тексеріліп, ешқандай зақым табылмады дейді. Айта кетейін, Алматы әкімі Ерболат Досаев сағат жер сілкінісінен кейін, 20 минут өткен соң шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр. Ал төтенше жағдайлар департаменті қалалықтарға қабылдау пунктеріне баруды сұрап отыр. Төтенше жағдай мамандары зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ дейді. Қазір өздерін тындайық.

 Нұрлан Атығаев, Алматы қаласы ТЖД бастығы:

Қазақстан аумағында Алшматы қаласының оңтүстік бөлігінде 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Тұрғындарға дүрбелеңге салынбай, сабыр сақтауды шақырамыз. Қабылдау пунктеріне баруды сұраймыз. 

Жел сілкінісінен кейін қалада дабыл жүйесі іске қосылды. Мамандар үйдегі жарық, газ бен суды өшіріпі, қажетті құжаттар мен жылы киім және азық-түлік алып далаға шығуға кеңес береді. Қауіпсіз орынға тұру керектігін немесе қабылдау пунктеріне баруды хабарлады. «Өйткені афтешоктер қайталануы мүмкін», - дейді.


Әйгерім Ердәулет



Хабарламаларға жазылу