Камбоджада құс тұмауынан 11 жасар жеткіншек көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Камбоджада құс тұмауынан 11 жасар жеткіншек көз жұмды

24.02.2023

Камбоджада құс тұмауынан 11 жасар жеткіншек көз жұмды. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Оның дерегінше, бұған дейін H5N1 вирусының адамға жұғу фактісі тіркелмеген.

Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін 12 тұрғын тестілеуден өтті. Солардың бірінен осы инфекция табылған. 2021 жылдан бері әлем елдеріне тарап жатқан құс тұмауы бүкіл құрлықты шарпыды. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының мәліметінше, содан бері бұл індеттен 200 миллионнан астам құс қырылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу