Алғаш рет елімізде қатерлі ісікке ерекше операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш рет елімізде қатерлі ісікке ерекше операция жасалды

19.12.2019

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігерлері  қатерлі ісікке ерекше операция жасады. «Микротолқынды абляция», яғни, ісік тініне әсер етудің замануи әдісін тәжірибеге енгізді. Бұл тәсіл бұған дейін әлемнің озық елдерінде болғанымен ТМД-да тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр.

Микротолқынды энергия тінге сіңіп кетеді, адам ағзасына өтпейді. Сондықтан бұл технология залалсыз болып саналады. Операция небәрі 15-20 минутқа созылады.

Бұл әдісті Еуропа мен Американың дамыған елдерінің онкологтары мойындаған. Сенімді. Микротолқынды абляция инфекцияның әсер ету уақытын азайтады, генератордың қуатын едәуір төмендетеді.

Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғаш жүзеге асырылған қатерлі ісікті емдеудің  жаңа тәсілі  енді еліміздің өзге өңірлеріне де таратылады. Операция өкпе, бауыр, бүйрек қатерлі ісік дертіне шалдыққандарға   жасалады. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу