Балалардың төлқұжаты арзандауы мүмкін
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жеке куәлігіне төленетін баж салағының сомасы төмендетілмек. Сенаторлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң жобасын мақұлдады. Депутат Сергей Карплюктың сөзінше, төлқұжат рәсімдеу құны 27600 теңгеден 13800 теңгеге арзандайды. Сондай-ақ паспорт парақтарының санына қарай, мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесі 22 беттен тұратын паспорт – 4 айлық есептік көрсеткішке дейін, 36 бетке – 8, 48 бетке – 12 айлық есептік көрсеткішке дейін енгізілмек. Сәйкесінше, жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға мемлекеттік баж сомасы өсуі мүмкін.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15