Елімізде не оқығысы келмейтін, не жұмыс істеуге ниеті жоқ жастар артып барады. Олардың нақты саны белгісіз. Жалпы, 456 мың жұмыссыз адам бар. Бұған дейін, тура бір ай бұрын, яғни, қаңтардың 20-сында, тап осы брифинг алаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров республика бойынша NEET санатындағы жастардың нақты санын айтқан болатын.
Данияр Қадыров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Республика бойынша 505 мыңға жуық НЕТ санатындағы жастар бар. Өткен жылы 207 мыңға жуық болатын. Қазір жастар санаты ұлғайып отыр ғой 35 жасқа дейін. Соған байланысты көрсеткіш те ұлғайып отыр.
Бұл ел арасында құл базар атанып кеткен жер. Мұнда қара жұмысққа жалданатын жастар аз емес. Олар түрін жасырды. Бірақ, Асқар Сепбаев інілерінің жағдайын жасырмады.
Асқар Сепбаева, қала тұрғыны:
Оқуы жоқ, жұмыс жоқ «НЕЕТ» жастар қайтып күн көрер? Вице-министр Данияр Рамазанұлы NEET жастар арасында заң бұзушылық көбейіп бара жатқанын да айтқан. Ал, бас прокуратураның мәліметінше былтыр жұмыссыз адамдар 48 853 қылыс істеген.
Аяулым Сағымбаева, демограф:
Нит жастар бұл бүкіл дүние жүзінде бар құбылыс. Бұл жалғыз Қазақстан, Ресей немесе ТМД елдеріне сәйкес емес. Бұл бүкіліне тән дүние. Оқуда істемейтін, жұмыс та жасамайтын жастар санаты. Әлеуметтік жағдайдың, экономикалық жағдайдың онша жақсы болмауына алып келеді.
Ахуал тым нашар емес, әрине. Былтыр ұлттық жоба аясында 981 мың адам жұмыс тапқан. Биылғы жоспар - 950 мың. Түрлі бағдарламалар, жол карталары және жеңілдетілген несие сияқты тетіктер бар. Бастысы жұмыс орны ғана емес, сол жұмысты істеймін деген құнт-құлшыныс табылса игі.
Азамат Бейбітұлы