Каспий құбыр консорциумы ертең жұмысын жандандырады
Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспорты ертең қайта жанданбақ. Компания 19 ақпан күні Қара теңіздегі дауылдың салдарынан жұмысын тоқтатқанын хабарлаған. Бірақ мұнай өндірісі жалғасып жатыр. Жұмыстың жандануы ауа райына байланысты. Болжам бойынша бейсенбі күні дауыл тоқтауы керек. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:Ауа райы апаттық жағдай туғызып жатыр Қара теңізде. Сол себепті кемелер порттың кемежайына кіре алмайды. Ол өте қауіпті осындай ауа райы жағдайында мұнайды құйып, оны жеткізуге болмайды. Болжам бойынша бейсенбі күні ауа райы дұрысталуы керек. Кешкі сағат 4-5 кезінде дұрысталатын болса, жеткізу және мұнайды кемелерге құюды қайта жалғастырады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18