Мемлекет басшысы бүгін «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы бүгін «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады

21.02.2023

Мемлекет басшысы бүгін «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Иван Сауэр Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық өнімді арттыруға бағытталған бірқатар ұсынысын айтты.

Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыруға, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екеніне назар аударды. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу