Ақтөбе облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды.
Оқиға Хромтау ауданындағы Жазық бекетінде болған. Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бірнеше жеңіл автомашинаны тиеген жүк көлігі Самара-Шымкент тасжолымен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу белгісіне тоқтамаған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлер жүргізушіні ажалдан арашалап қала алмады. Жүк көлігіндегі 4 автомашина да жарамсыз болып қалды. Қазір оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01