Екібастұзда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 20 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 20 адам құтқарылды

20.02.2023

Екібастұзда көпқабатты үйден өрт шығып, құтқарушылар 20 адамды құтқарып қалды. Олардың 4-і бала. 2-ші қабатты жалын шарпып, қара түтін ілезде жоғарыдағы пәтерлерге жайылған. Құтқарушылар тұрғындарды сыртқа терезе арқылы шығаруға мәжбүр болды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Ал Павлодарда түтінге уланып қалған 4 бала ауруханаға жеткізілді. Кішкентайы 2 жаста. Алдын ала дерекке қарағанда жер үйдегі пештің мұржаға баратын қуысы бітеліп түтін ішке жайылған. Балалардың жағдайы қалыпты.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу