Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге

18.02.2023

Онкологиялық ауруды жеңуге болады. Бұған дейін де Ұлттық арна эфирінен аты жаман дерттен ада болған азаматтар туралы айтып, көрсеттік. Әрқайсының оқиғасы әртүрлі болғанымен оларға ортақ дүние – күрес пен өмірге, жеңіске деген құштарлық! Ал, бүгін біз сіздерді астаналық Бахтияр Мұхамедқалиевпен таныстырғымыз келеді. Нақтырақ, кейіпкердің өзі баяндасын.

Бахтияр Мұхамедқалиев, жаттықтырушы:

Біздің мектеп үлкен ғой, 90 бала жаттығады. Мен сол футбол орталығының басшысы болып келемін. Тек ғана жаттықтырмаймын, басқа бапкерлермен жұмыс жасаймын. 17 жасқа дейін Астана футбол клубында ойнап жүрдім. Жастар командасында. Орал қаласында ойын кезінде травма алып қаламын. Маған диагноз қояды, бір сөзбен айтқанда, сүйек қатерлі ісігі. Мен үшін 17 жастағы бала үшін өте ауыр болды. Өйткені жастық шағымды сол футболға бердім. Бір уақыттар болды мектепті де қойып кеттім. Оқуды да қойып кеттім, сол футбол үшін. Футбол менің өмірім болды деп айтуға болады. Өзім ерте 17 жасымда үйлендім. кішкентай балам туылды. Сол бала үшін өмір сүремін деп өзіме сөз бердім.

Сол кезде ата-анама бізде метостаза бар деп қорытынды қояды. Осы Астана қаласында ауруханада онкология бөлімінде сондай қорытынды қояды бізге метостаза 4 жерде бар деп. Және өмір сүруіне екі апта ғана қалды деп.

Үйде жатам ғо, қасымда әйелім, балам бар. Ата-анам бар, олардың көздеріне қарайсың, шаршаған уже, бір жарым жыл солай жүрдім. Мен де шаршап қалдым. Операция, операция антибиотик ауруханадан шықпайсың. Таңертең тұрғанда шешімге келемін. Аяғымды кестіртуге. Ата-анама, әйеліме айтамын. Өзім келдім сол шешімге. Дәрігер қуанып қалды. Себебі, сразу алып тастау керек еді аяқты. Соңына дейін сендік қой, жазыламыз, инфекцияны алып тастаймыз деп.

Ұйықтамай операцияға жатамын, жатқан кезде дәрігер айтады аяғыңда тағы бір очак бар егер ол онкология болса аяғыңды толық алып тастаймыз дейді. Аяқсыз қаласың деп, выбор болмады жаттым.

Операциядан тұрғаннан кейін ең бірінші сұрағым қанша сантиметр аяқ қалды деп сұрадым. Ең бірінші сұрағым сол тәте көрсетіп жіберіңізші неше сантиметр аяғым қалғанын, ол маған 50 сантиметр дегенде мен өте қатты қуандым. Өйткені, өз аяғымның кішкене болсын қалды.

6 айдан кейін протез алып, міне бес жыл болып қалды уже. Операция болғанына. Протезбен жүріп, жұмыс жасап, балалармен...

Қазір аурухананы ұмыттық, енді жоқ онкология.

Енді мен ойыншы ретінде емес, тренер ретінде мақсаттарды қойдым. Енді ең мықты мақсаттарды қойып, оларға жетпесек те бір деңгейге дейін жетесің бапкерлікте.

Осы аурумен ауырып жатқан адамдарға, бүкіліне тек ғана шыдамдылық тілеймін. Менің жағдайымды алсақ ең бастысы сенім. Адам өзіне сену керек. Отбасына, туысқанға, тіпті дәрігерге сену керек. Олар сені емдейтін адамдар ғой.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу