Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

30.09.2020

Ұлытаудағы Жошы хан кесенесінің маңайы жуырда ашық аспан астындағы мұражайға айналады. Қазір мазарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса іргесінде тарихи-мәдени орталық салынуда. Жоба құны 31 миллион теңге. Құрылыс барысында кесененің тарихи сәулеті сақталған. Ал ауласы абаттандырылып, алаң төріне Жошы ханның алып ескерткіші қойылады. 

Сондай-ақ жағалай туристер тоқтайтын қонақүй, мінәжат ету орны да тұрғызылады. Тарихи-мәдени кешенде өлке тарихынан сыр шерткен мұражай, кәдесыйлар сататын дүкен, этноауыл да бой көтереді. Киелі орынға барар жол да жөнделген. Биыл қазынадан 700 миллион теңге бөлініп, 30 шақырым жол асфальтталған. Кешен жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді. 

Әнуар Төлебаев, мердігер:
Алтын Орданың 750 жылдығы. Соның аясында осы Жошы хан кесенесін қалпына келтіріп жатырмыз. 

Руслан Нұрланұлы

Алтын Орданың 750 жылдығы Жошы хан кесенесі

Хабарламаларға жазылу