Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында 296 сағат жатқан адам тірі табылды
Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен кейін 296 сағат өткенде, яғни 12 күн асқанда бір тұрғын үйінді астынан тірі табылды. Оны құтқарушылар дереу ауруханаға жеткізді. Осылайша, бүгін таңертеңнен бері үшінші адам жарық дүниемен қайта қауышып отыр. Ал, ақпанның 6-да дәл осы Хатай аймағында алапат зілзала кезінде жоғалып кеткен ганалық футболшы Кристиан Атсудың өкінішке қарай көз жұмғаны туралы белгілі болды. Бүгін оның мәйіті табылды. Соңғы мәліметке қарағанда, Түркия мен Сирияда қуаты 7,8 баллдық жойқын дүмпуден қаза тапқандар 45 мыңнан асып кетті. Құрбандар саны әлі де көбеюі мүмкін, Өйткені бір Түркияның өзінде 264 мыңдай үй құлап, талай адам жоғалып кеткен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қырғызстан әртістері «Раймалы мен Бегімай» мюзиклін қойды
18.03.2026, 13:27
Оқушылар роботтарды ұлттық ойынға қосты
18.03.2026, 13:24
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18.03.2026, 13:21
Иран Израильді кассеталы зымырандармен атқылады
18.03.2026, 13:15
Ақтөбе облысы су тасқынына дайындалуда
18.03.2026, 13:12
Су кодексіндегі бірқатар норма күшейтілді
18.03.2026, 13:09
Конституцияның мәтіні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланды
18.03.2026, 13:06
Жаңа Конституция – халықтың игілігі үшін
18.03.2026, 13:03