Басты Жаңалықтар Елде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім саны 33 пайызға кеміген

Елде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім саны 33 пайызға кеміген

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім саны 33 пайызға кеміді. Ал жаяу жүргіншілердің өлімі 46 пайызға төмендеді. Оған өткен жылдың жартыжылдығында пилоттық режимде енгізіліп жатқан Қорғау жүйесі оң септігін тигізді.

Бүгін сенаторлар ішкі істер органдарының қауіпсіздікті қамтамасыз етудің цифрлық жобаларымен танысты. Астанадағы жедел басқару орталығының мектептер мен жолдағы көлік қозғалысының ережелерін бұзушыларды анықтап, орнына мобильді топтарын жіберу барысын онлайн режимде қадағалады. Сондай-ақ, депутаттарға цифрлы полицейдің кеудесіне орнатылған бейнекамерасы мен планшеттің онлайн режимдегі жұмысы көрсетілген. Құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді цифрлық жобасы біртіндеп 12 қалада жүзеге аспақ.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жаңа технологияларды цифрландырудың арқасында бюджет қаражатының шығынысыз алты бағдарламаны жасап, қылмыстың алдын алу мәселесі жүзеге асырылған. Жол қауіпсіздігін жүргізу мәселесі, мектептердегі қауіпсіздік сияқты мәселелерді интеллектуальды бағдарламалар арқылы шешіп, біраз жетістіктерге жетіп отырмыз.


Бөлісу