«ArtSport» жобасы төңірегіндегі сыбайлас жемқорлықты тоқтату керек - депутат
Балаларды тегін үйірмемен қамтамасыз ететін «Артспорт» жобасы төңірегіндегі сыбайлас жемқорлықты тоқтату керек. Осылай деген сенат депутаты Руслан Рүстемов Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Сенотордың айтуынша, бағдарлама төңірегінде шикілік көп. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бірыңғай ақпараттық жүйе жоқ. Салдарынан облыстық мәдениет және спорт басқармаларына қосымша жүктеме түсіп отыр. Бұл -қаржы жұмсау кезінде заңсыздыққа жол беру қаупі жоғары екенін көрсетеді. Сенатордың айтуынша, өңірлер әртүрлі платформа қолданатындықтан, кәсіпкерлерге төлем уақтылы жасалмайды.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Құрметті Әлихан Асханұлы, бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін төмендегідей тапсырма беруіңізді сұраймыз. Бірінші - бірыңғай ақпараттық жүйені айқындау, жалпы республикалық желіні қалыптастыру үшін салалық нормативтік құқықтық актілерге маңыз беруді Мәдениет және спорт министрлігіне тапсыруды сұраймыз. «Мәдениет туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы аудан және қалалық әкімдіктері мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
А.Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07