Павлодар облысында қатерлі ісіктен 750-ден аса адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында қатерлі ісіктен 750-ден аса адам көз жұмды

15.02.2023

Биыл Павлодар облысында ауылдағы медициналық мекемелерді жаңғырту бағдарламасы аясында 12 фельдшерік-акушерлік пункт салынады. Оның 6-ы Ақсу қаласына қарасты елді мекендерде. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған Ажар Ғиният айтты. Денсаулық сақтау министрі Ақсу шаһарындағы аурухананы көріп, сметалық жобалар құжаттарын әзірлеуді тапсырды. Себебі жылдар бойы жөндеу көрмеген медициналық нысан әбден тозып тұр. Соңғы жылдары Павлодар облысында өлім-жітім саны азайған. Бірақ қатерлі ісік ауруларының алдын алу, дертке шалдыққан адамдарды ерте бастан анықтау жұмыстарына қатысты сын көп. Былтыр қатерлі ісіктен 750-ден астам адам көз жұмған.

Ажар Ғиният,  ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Сіздердің облыстарыңыз рак ауруларынан алдыңғы орында тұр. 20 мыңдай әйел бар екен. Екі жылда бір тексеріп тұруға болады ғой. Жоспарлап қойып, ай сайын күнде үйлеріне звондап. Өлім-жітім беретін ауруларды сіз кәдімгі саның білуіңіз керек. Осы түнде оятып алсада білуіңіз керек.

Хабарламаларға жазылу