Бельгияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті
Еуропада қымбатшылыққа қарсы ереуіл тоқтар емес. Бельгияның ірі кәсіподақ ұйымдары бірнеше қалада шеру ұйымдастырды. Мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері жұмысты қойып, наразылық акциясына қатысты. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын компания өкілдері қызмет көрсетуден бас тартқандықтан, қоғамдық көлік қозғалысы қиындаған. Шерушілер соңғы 40 жылда болмаған қымбатшылық пен экономикалық дағдарыс қажытқанын айтады.
Мишель Бодэ, мемлекеттік қызметкер:
Жалақымыз көтерілмейді. Ал, баға күн сайын өсіп барады. Үкіметтен жалақыны көтеруді, индексация жасауды талап етудеміз. Нәтиже болмаса, біз ереуілді жалғастыра береміз.
Этиен Де Вурден, кәсіподақ ұйымының белсендісі:
Үкіметтің қабылдаған теріс шешімдерінің кесірінен кедейлердің саны көбейді. Тапқан айлығымыз түкке жетпейді. Байларға, алпауыт компанияларға сән-салтанат салығын көбейту керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07