Инфляцияны 9,5 пайызға дейін төмендету керек - Премьер-Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инфляцияны 9,5 пайызға дейін төмендету керек - Премьер-Министр

15.02.2023

Жыл қорытындысы бойынша инфляцияны 9,5 пайызға дейін төмендету керек. Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауапты органдарға осындай тапсырма берді. Министрлер, әкімдер мен ұлттық компания басшылары азаматтардың табысын арттырып, сапалы жұмыс орнын құру үшін жүйелі шаралар қабылдауы тиіс. Аймақ басшылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударуы қажет. Премьер барлық күш-жігерді инфляция деңгейін бақылау мен төмендету жөніндегі іс-шараларды орындауға жұмылдыру керегін атап өтті.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу