Келер жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың шотына жыл сайын 150-160 АҚШ доллары түсіп отырады
Келесі жылдан бастап жыл сайын кәмелетке толмаған әр баланың шотына 150-160 АҚШ доллары түсіп отырады. Ол – Ұлттық қордың инвестициялық табысынан түскен дивиденттер. Бұл туралы Сенатта Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, шоттағы қаражатқа жыл сайын 2,6 пайыздық сыйақы төлеу жоспарланған. Бұл сома инвестициялық табыс пен басқа да экономикалық көрсеткішке қарай өзгеруі мүмкін. Алдын ала есеп бойынша, 18 жасқа толғанда шотта 3500 доллар жиналады. Қазір тиісті ұсыныстар жинақталып, заңнама жасалып жатыр.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Оқу орнына төлеу үшін немесе тұрғын үй сатып алу үшін. Үшіншісі - медицина саласына. Келесі жылы 18-ге толатын балалар 150-160 доллар алады. Ол ешқайда жетпейді. Сол үшін біз мақсатсыз бір шектеуді қоюды қарастырып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07