Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы Азаматтық қорғау академиясына барды
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Азаматтық қорғау академиясына барды. Әрі өңірдің ахуалымен танысты.
Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы - ел аумағындағы құтқарушы мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орны. От пен су, желдің өтінде, қауіп пен қатердің бел ортасында жүретін жауынгерлер осы жерден шығады. Жер бетінде қазір апат көбейді. Төтенше жағдайға біздің ел де дайын болуы тиіс. Сондықтан, салаға білікті кадрлар көптеп керек деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі. Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Олардың қатарында осы Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар. «Ер есімі – ел есінде». Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс.
Көмекке жедел жететін құтқарушыларға да көмек керек. Нақтырақ айтсақ, маман дайындайтын оқу орны талапқа сай емес. Техникалық базасы ескірген. Ғимарат тар. Жатақхананың жағдайы мүшкіл.
Қамбар Құрманғалиев, Азаматтық қорғау академиясының курсанты:
Бір бөлмеде 30 адамнан жатамыз. Ол бөлмелерде отыз адам жату қиындау. Бірінші үш жыл казармада тұрады курсанттар. Өйткені жатақханада орын жетпейді. Төртінші курста квартирада тұрамыз.
Бұл мәселемен Президент таныс. Сапалы маман дайындау үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Менің тапсырмам бойынша Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатыр. Жатақхана мен оқу корпусын салу жоспарланған. Жалпы, мемлекет еңбекақыны арттыру және құтқарушылардың әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр.
Біздің құтқарушылар сыртта да ерлік көрсетіп жүр. Түркиядағы зілзалада қаһармандық танытып жатыр. Президент Ерлердің ерлігі ескерілетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттайтын боламыз.
Көкшетауда халық саны өсіп келеді. Соңғы екі жылда 30 мыңға артып, 190 мыңнан асты. Жақсы көрсеткіш. Бірақ, тұрғындардың көбеюімен қатар мектеп, аурухана тапшылығы да байқалады. Мәселені шешу үшін жаңадан әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Оның үстіне, жүрек-қан тамырлары ауруы асқынып тұр. Әсіресе, инсульт, инфаркт дертіне шалдыққандар көп. Президент Көкшетаудағы медициналық мекемелердің ахуалымен танысты. Бұл былтыр ашылған ел бойынша ең ірі оңалту орталығы.
Тағы бір көп бейінді аурухана салынады. Наурызда құрылысы басталмақ. Өйткені онкологиялық ауру бойынша да Ақмола республикада кері көшті бастап тұр.
Ақмола - астықты аймақ. Бірақ шаруалар заманауи техникаға зәру. Қолданыстағының дені ескірген. Бұл проблема тұтас елге ортақ. Техника паркі 70% тозған. Мәселені реттеу үшін комбайн мен трактор шығаратын зауыттар салынып жатыр. Солардың біріне Президент арнайы соқты. Қазақстан агро инновациялық корпорация ауыл шаруашылығы техникаларының түр түрін шығарады.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Алда көктемгі егіс науқаны. Дала еңбеккерлері дайындықты бүгіннен бастауы тиіс. Ол үшін алдымен техника қажет. Шаруаны ширату үшін былтыр 34 млрд теңге субсидия да сұралған. Бірақ, әзірге қолдау таппай отыр.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07