Мажарстанда тұңғыш рет «қазақ мәдениеті» күні өтті. Шараны еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінің қолдауымен «Барыс» қазақ-мажар» қоры мен қазақ диаспорасының өкілдері ұйымдастырды.
Венгрияда оқитын студент жастар күмбірлеген күй мен әннен шашу шашып, шараға жиналғандардың делебесін қоздырды. Мажарстандық түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің жары Оңғайша Мандоки мажарларға ұлттық тағамдардың, киімдердің ерекшеліктерін баяндап, қазақтың тұсаукесер салтын паш етті. Сондай-ақ, өнерпаздар театрландырылған қойылым арқылы көпшілікке қыз қуу, беташар дәстүрін көрсетті. Қазақтың бай мәдени мұрасына тәнті болған мажарлар кеш соңында өнер ұжымына алғыстарын жаудырып, Абайдың өлеңдері мен Шәмшінің әндерін құйқылжыта орындады.
Нұрсұлу Қасым