Шымкент қаласында жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

14.02.2023

Шымкент қаласында биылдан бастап журналистер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері де мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алады. Жаңадан әзірленген «Қамқор» деп аталатын өңірлік бағдараламаға 15 түрлі мамандық иелері қатыса алады. Олардың ішінде балабақша тәрбиешілері, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, медбикелер, санитар мамандар, спортшылар мен ғылыми қызметкерлер де бар. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі осы санаттағы азаматтар баспана кезегінде тұрмаса да үй алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ ипотекалық несие қол жетімді болу үшін мемлекет тарапынан субсидияланады. Пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде 150 адамды баспанамен қамту көзделген.  

 Жанат Өтебаева, Шымкент қаласы әкімдігінің Тұрғын үй басқармасының басшысы:

5 пайыздық мөлшерлемемен 10 пайыз алғашқы жарна болуы керек. 20 жылға дейін беріледі. Бұған жаңадан соғылған үйлер де, нарықтағы үйлерде кіреді. Азматтарда таңдау болады. Сонымен қатар балдық жүйеде қазынадан ақша бөлінеді. Әкімдік «Отбасы» банкімен келісімге тұрды.


Ғани Қалмаханов 

Хабарламаларға жазылу