Орал әуежайы мемлекет меншігінде қалады
«Орал» халықаралық әуежайы мемлекет меншігінде қалады. Бұған дейін оның инвесторлары ауысып, терминалдың 51 пайыз акциясын екі қазақстандық, 49 пайызын ресейлік компания сатып алғаны жайлы ақпарат тараған. Ал жергілікті билік стратегиялық нысанның 3 жылға сенімгерлік басқаруға берілгенін, ал инвесторларды ауыстыру олардың ішкі мәселесі екенін айтты. Былтыр әуежай ғимараты мен терминалы 6,6 млрд теңгеге қайта салынып, Халық қаһарманы Мәншүк Мәметованың есімі берілген.
Айдар Менеев, облыстық Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Бүгін стратегиялық маңызы бар нысандар мемлекеттің меншігінде. Атап айтқанда, ұшу-қону жолағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің теңгерімінде, жолаушылар терминалы, яғни әуежай ғимараты «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ теңгерімінде. Тиісінше, алаңдаушылыққа негіз жоқ деп сендіреміз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07