Көктемгі егіске дизель отыны бір ай ерте беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі егіске дизель отыны бір ай ерте беріледі

13.02.2023

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты 1 наурыздан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты өндірісті 25 күнге тоқтатпақ. Осыған байланысты мұнай өнімдерін өндіру 300 мың тоннаға кемігелі отыр. Ішкі нарықта жанар жағармай тапшылығын болдырмау үшін энергетика министрлігі биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін бензин мен дизель отынын көлікпен тасымалдауға тыйым салды. Енді мұнай өнімдері тек темір жол арқылы ғана жеткізіледі. Ал, көктемгі егіске қажетті дизель отынын үлестіру жылдағыдан бір ай бұрын басталғалы отыр. Шымкент қаласы бойынша ай сайын бензинге 40 мың тонна сұраныс болса, ақпан айында ол 6 мың тоннаға кемиді. Әдейі тапшылық жасап, бағаны көтеруге әрекеттенгендерді енді экономикалық тергеу департаменті бақылауда ұстайды.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай» қауымдастығының басшысы:

Қанша мұнай өнімі бөлініп жатқанын бақылау керек. Ол қайда кетіп жатыр? Соңғы тұтынушыға дейін, тіпті баға жағынан да, көлем жағынан да бекетке барған соң кері байланыс болса дейміз. Сонда еліміздегі мұнай саласында тұрақтылық болады деп ойлаймын.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу