Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 16 адам сотталды
Алматыда «QI Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын ұйымдастырған 16 адам cотталды. Қалалық соттың хабарлауынша, олар «AMAZON» бүкіләлемдік алаңында сауда жасаймыз және одан пайыздық кіріс алып отырасыздар» деген желеумен мыңнан аса адамды сан соқтырған. Шығын – 6 млрд теңгеден асқан. Компанияның аймақтарда 12 филиалы жұмыс істеген. Бас кеңсесі Алматы қаласында. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айәділ Сайлаухан, қалалық Соттың бөлім басшысының міндетін атқарушы:
Сот үкімімен 16 азамат кінәлі деп танылып, олардың 15-і коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға 5 жылға шектетіле отырып, оларға қауіпсіздік мекемелерінде 6 жыл 2 айдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17